5 сыныпта «Сүйіспеншілік адамның басты қасиеті,ақиқат оның негізі дұрыс әрекеті- оның шынайы өмірі » -атты жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды,шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Міндеттері:- өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
- оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
- оқушыларға өзін - өзі тану бағдарламасының мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау аясында жүргізілетіндігі туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.