"Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ауыл тарихы

«Ауылым – алтын бесігім»

 Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.  Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Үшсарт ауылы .
Ауылымыздың тарихы – елдің тарихы. «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның - атасы» деген екен А.Байтұрсынұлы атамыз. Дей тұрғанмен тереңге үңіліп, алыстан қозғауды ғалымдар мен тарихшылардың   үлесіне қалдырайық. Енді осы елдің азын-аулақ тарихына көз жүгіртсек.

Үшсарт ауылы   Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының оңтүстік шығысында 33 шқ. қашықтықта  орналасқан.

Үшсарт ауылының тарихы қасиетті суымен танылған «Қарақұдық» бұлағымен тығыз байланысты.Маңына ауыл тұрғындары қоныстанбай тұрып ертеде су бұлағы ағып тұрған. Судың аққан ойпатында көл пайда болып, қамыс құрағы өсіп, көл беті әртүрлі құстарға толған екен.Тарихта «Ұлы Жібек жолының»тармақтары туралы кеңінен айтылған.Осы қасиетті жолдың бір тармағымен жүріп өткен керуен басы «Қарақұдық» басына түнемей кетпеген екен. Суы мол,таза бұлақтың мөлдір суы сусағанның шөлін басып, дертіне шипа болған деседі. Кейінен осы керуен басынан үш өзбек  саудагерлерді қарсы алып ,шығарып салуға (ауқат дайындауға) қалып,қоныстанған екен.

Кейіннен ата-бабаларымыз 1923-28жж. аралығында Айыртау-Шұбаркөл деп аталатын (қазіргі Теңіз ауданы,Шұбаркөл кенті)  жерден  Қарақұдықтың басына қоныстанады. Өткен- кеткен адамдар  «Бұл қай жер? дегенде , бұл Үш сарттың отырған жері» деген екен. Содан бері ауылымыздың аты Үшсарт деп аталған.

Жоғарыда  атағанымдай «Қарақұдық» бұлағының суының емдік қасиеті бар,суы тұщы,жұмсақ. Оған куә ауыл тұрғындары. Бұлақтың суы қотырға, құлақ ауруларына , асқазан ауруларына ем болған деседі. Емге су алғанда бұлақтың түбіне ырымдап теңге ,күміс тастап алып отырған. 1961жылы Қарақұдықтың суы көбейіп, ауыл шетіне дейін жайылады.Осы кезде мал шаруашылығының өрбіп тұрған уақыты, ауыл кеңесі мал баздарына су құбырларын жіберетін канал қазады. Бірақ судың көптігінен қаза алмай , бұлақтың көзін ауыл адамдарынан киіз жинап ,оны тасқа орап бұлақтың көзін жабады. Міне , содан бері жүгірген  аң мен ұшқан құсқа пана болған бұлағымыз, қазіргі кезде жабылып жатыр. Тәуелсіздік алғанымызға дейін, бұл құдықтан көршілес жатқан совхоздар су тасып ішкен. Сондағы су тасушы (водовоз) ағайлар «бұл құдықтың суы таусылмайды, бүкіл Қорғалжын өңіріне жететін су бар және де құдық 3 мин толып отырады» -деуші еді.

          Кезінде Ақмола,Алматыға танылған жергілікті ақын Мұқан Сағымбековты механизатор болып жүрген кезінде , ауылымыздың қариясы (Мәжит Тұрлыбековтың анасы) Айымторы әжеміз шақырып алып, «Сен осы ауылға келіп-кетіп жүрсің ғой  тағы да бір қағарың бар екен. Осы қасиетті Қарақұдықты паналап келіп едік, осы бұлаққа бір өлең шығарып бер.Кейінгі ұрпақ біліп жүрсін»- деп қолқа салады. Келесі келгенде Мұқан атамыз қойнынан бір параққа жазылған өлең жолдарын алып ,оқып береді.Міне, содан бері осы өлеңді ауылымыздың тұрғыны Айтжанов Рахметолла ағай домбырасына салып айтып жүр.

«Қарақұдық тұнған шежіре»

Сөзін жазған: М.Сағымбеков

Әнін жазған: Р.Айтжанов

Айналдым қасиетіңнен Қарақұдық,

Анамның көз жасындай суың тұнық.

Бұлақтың көзін ашып тазаласаң,

Кетер еді бір тайпа елді ғаріп қылып.

Мөп-мөлдір суың күміс, тамған балдай!

Мәңгілік жер астында мұз жатқандай.

Үңіліп ен түбіне, көзім салсам

Күңірентіп, тарих бабам үн қатқандай!

О бастан көзін ашқан бабаларым,

Нәр суын татып келед балаларың.

Қайнай бер көзін ашқан Қарақұдық,

Естідім әңгімесін қариядан.

Асықпа Қарақұдық, тағы келем

Кеудемнен сені ойласам шығады өлең.

Қалайша қасиетіңді ұмытайын,

Ермек қып ,кейінге жаздым өлең.

1945 ауылымыз Куйбышев колхозы деп аталып, 4 жылдық мектеп жұмыс істеді.

1949 жылы колхоз басқармасы Шайхин Жақанның тұсында ауыл тұрғындарының бастамасымен төрт бөлмелі мектеп салынады.Мектептің алғашқы басшысы Әшірбеков Қабдеш қызмет атқарады.

  Өңірдегі Молотов, Куйбышев, Ынтымақ колхоздары бірігіп орталығы ауылымызға орналастырылып Молотов колхозы болып аталады.Үш колхоздың біріктірілуіне байланысты 7 жылдық мектептегі балалар саны да 60 – 70 балаға артады.

Алғашқы ұстаздар.

Соғыс жылдарынан кейінгі қиындықтарға қарамастан балаларға білім беруде

1. Альжанов  Абдуали

2. Тұрлыбеков Өмірзақ

3. Өмірзақов Мажит

4. Аймолдин Хамзе

5. Айып Қасымұлы

6. Атамбаев Бопан

7. Тойғозин Қауысхан  

сияқты ұстаздар қызмет атқарады. 1957-1958 жылдары Молотов колхозының орталығы Шалқар ауылына ауысып, ауылымыз колхоз құрамына алынып, бастауыш мектеп сақталып қалады.Бастауыш мектеп қабырғасында жас ұрпаққа білім берген ұстаздар:

  1. Алпысбаев Бекболат
  2. Тарабрина Любовь
  3. Қасенова Бибіжан
  4. Қалқаманов Балтабай
  5. Жұмағұлов Жолдас
  6. Құлжанова Ботыш
  7. Алшынбаев Өркен
  8. Әбиғожина Нәзира
  9. Махметова Қапиза
  10.  Құлжанова Баян

Сұрапыл соғыс та бұл ауылға аз ауыртпалық салған жоқ. Ауылдың ер-азаматтары  Ұлы Отан соғысына аттанып, сол ерлердің біршамасы елге оралмады.

Соғыс ардагерлері.

1.Өтешов Жәрдем -1939 жылы әскер қатарына шақырылып  КСРО-Финляндия арасындағы соғысқа қатысады.1941 жылдан 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатысып,елге 1946 жылы оралады.

2. БәкеновТілепбай – аға лейтенант шеніне дейін көтеріліп,1945 жылы аяғынан айрылып  елге оралған.

3.Бесжанов Түсебай- бір аяғын жаудың оғына берген

4.Жанмолдин Жарбол.

5.Абдуллин Бекен

6.Асқаров Бикен

7.Құлманов Әбдіғали-хабарсыз кеткен жауынгер

8.Ақсейітұлы Қияқбай-  хабарсыз кеткен жауынгер

9.Тығынбаев Ошақбай

10.Кәрібеков Алдаберген

11.Махадиев Бөрі

Тылда еңбек еткендер

  1. Бейсейітов Абдыхалық
  2. Бейсейітов Абдығали
  3. Әубәкіров Айтжан
  4. Әубәкірова Мизам
  5. Жұмағұлова Айша
  6. Махадиева Үміт
  7. Қансейітова Күлән
  8. Ордабайқызы Бәтен
  9. Жанмолдина Назым
  10. Өтешова Мүсәлия
  11. Махадиева Мүгілсім
  12. Жумагулова Жанапия
  13.   Сүлейменова Жәкіш
  14. Байсалбайқызы Айшым
  15. Түсіпқызы Рамилә
  16. Мамыраева Қазкен

1954 жылы басталған тың жерлерді игеру ісіне де ауыл азаматтары  белсене араласып, еңбектегі ерліктің ерен үлгісін көрсете білді.

Тың жолында және ауыл шаруашылығын дамытуда  еңбек еткендер

  1. Жұмаділдин Шортанбай – Ленин орденінің иегері.
  2. Имашев Оңғарбай
  3. Бекошев Шәукет
  4. Қоңқақов Диханбай
  5. Жахин Балта
  6. Жәркеев Серік
  7. Жумагулов Балташ
  8. Қисықов Серік
  9. Ілиясов Ібін
  10. Ыбрайымбеков Ақмағанбет
  11. Қансейітұлы Асқар
  12. Махметов Төлеген
  13. Ізбасаров Биғара
  14. Әлиев Нөгербек
  15. Борин Қайролла
  16. Тоқсанбиев Төктай
  17. Ибраев Шалабай
  18. Мұстафин Ермек
  19. Қоңқақов Бейсембай
  20. Омаров Мәжит
  21. Әубәкіров Кәрім
  22. Әбзиев Рақымжан
  23. Стамполов Шәріп
  24. Нұрмағанбетов Қален
  25. Қамыстханов Бағдан
  26. Туғанбаев Қабыкен
  27. Қалиев Төкен
  28. Жакупбеков Қабыкен

Темір тұлпарды тізгіндеген апалар:

       1.Әбдірахманова Несібелі

     2.Жұмағұлова Тиын

     3.Имашева Шарапат

Ауыл басқармалары:

          1.Шайхин Қалдай

         2.Жанысов Мұқамедия

         3.Шайхин Жақан

         4.Үйсімбаев Махмет

         5.Ысқақов Қылыш

         6.Әлиев Жақан

         7. Тығынбаев Ошақбай

         8.Стамполов Шәріп

         9.Байжігітов Нұрлан

        10. Бекниязов Қабжи

        11.Төлепов Ізтөлеу

        12.Халима шешей-Ә.Шабатовтың анасы

        13.Мұханәлиев Мұсылманбек

        14.Үсенов Жәкен

        15.Жанмолдин Қайыржан

        16.Нұрмағанбетов Әбизат

        17.Тығынбаев Жақсыкелді

        18.Есжанов Қыдыркелді

1960-1990 жылдары «Қорғалжын» совхозы құрамындағы Үшсарт ауылы үлкендігімен, үлкен ауыл ақсақалдарымен, ұйымшылдығымен көрікті болып жылдан-жылға әл-ауқаты артып, тұрмыстары да жақсара түсті. Ел азаматтарының ерең еңбегі арқасында ауылдағы мал шаруашылығы дамып, үкіметке сапалы ет, жүн өткізіп жоғары жетістіктерге жетеді.Осы жылдары аға буын өкілдерінің ісін жалғастырып, шаруашылықтың әр-түрлі салаларында ел дәулетін асыруға еңбегі сіңірген ауыл еңбеккерлері көптеп саналады.

   Олар:

  1. Мауянов Рахым
  2. Абдығалиұлы Ермек
  3. Рахымжанов Талғат
  4. Абдуллин Серік
  5. Каримов Ғаббас
  6. Борин Сейфулла
  7. Аханов Аманкелді
  8. Өмірзақов Сағат
  9. Қайырбеков Аманкелді
  10. Қансейітов Алматы
  11. Тлепбаев Түгелбай
  12. Тлепбаев Баянбай
  13. Головородка Жора
  14. Жанмолдин Қабиболла
  15.  Альжанов Қайырден
  16. Айтжанов Рахметолла
  17. Борин Зейнолла
  18. Абдығалықов Өміржан
  19. Абдығалықов Сабыржан
  20. Өтешов Серік
  21. Имашева Марфуға
  22. Омарова Топаш
  23. Абдуллина Рысбала
  24. Мауянова Күміс
  25. Сағымбекова Күлпаш
  26. Жұмағұлова Майра
  27. Махметова Бикеш
  28. Головородка Мария
  29. Қансейітова Бәткен
  30. Абдығалықова Жанизә
  31. Ильясова Орал
  32. Өмірзақова Гүлжан
  33. Тоқсанбиева Сәлиман
  34. Қисықова Қайынтай
  35. Туғанбаева Зекен
  36. Жумадильдина Рыстай
  37. Садуақасова Бағила
  38. Айтжанова Бибажар
  39. Қоңқақова Рахилә
  40. Абдығалиева Тиыштық
  41. Қайырбекова Орал
  42. Мусаилова Ырысжан
  43. Ілиясова Сәтбай
  44. Ибраева Айман
  45. Сембаева Бақыт
  46. Емшанова Шура
  47. Жұмағұлова Бағдат.

Мектеп түлектері мақтаныштарымыз.

  1. Бесжанов Айдос – Астана қаласы Сарыарқа аудандық салық комитетінің бас маманы
  2. Өмірзақов Жанат – Подполковник. ҚР Қарулы күштерінде  қызмет етеді.
  3. Тоқанов Бекзат – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке оққағары.
  4. Тоқанов Әнуар - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке оққағары.
  5. Мауянов Еркебұлан-  ЕНУ-да және «Шабыт»  өнер колледжінде сабақ береді.
  6. Имашев Азамат – Астана қаласында «Кекушинкай» карате клубының бас бапкері.Астана қаласы әкімдігінің спорттық іс – шараларды жүргізу мекемесінің директоры.
  7. Борин Жақсыкелді – жеке кәсіпкер.
  8. Омаров Бекзат – Қорғалжын аудандық қаржы бөлімінің бас маманы.
  9. Сағынаев Бекзат – Астана қаласының ІІБ қызметкері
  10. Нөгербеков Орынбек – Қостанай қаласы полиция академиясының түлегі.ІІБ қызметкері..
  11. Каримов Медет – майор.Қорғалжын аудандық ІІБ бастығының орынбасары.

      1996 жылы «Қорғалжын» кеңшары   таратылып жекешелендіруге көшеді.Үшсарт ауылында Тоқанов Шамшиден Отызбайұлының басқаруымен «Агро-Көбетей» ЖШС құрылып, қазіргі кезде жемісті еңбек етуде.Ауылымыз Қорғалжын өңіріндегі  1990 жылдардағы қалаға жаппай көшу кезінде де іргесі бұзылмай сақталған ауылдардың бірі.
     Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауыл көркейіп , гүлденеді деп сенемін. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді. Тек ауылым деп атқа мінер азаматтар көп болса екен деп тілеймін.
Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін.

 

Тарих пәні мұғалімі:   Омаров Д.М.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.08.2016 15:08
Құрылған күні: 13.04.2022 10:49

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі
Текст