"Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Үшсарт негізгі мектебі бойынша жасөспірімдер арасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбиеге қатысты, кәмелетке толмаған қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойыншажүргізілген жұмыстар есебі. 2020-2021 оқу жылы.

Үшсарт негізгі мектебі бойынша  7-9-сыныпта барлығы 3 қыз бала бар.Олармен сынып жетекшілер және мектеп психологі үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.Қыркүйек  айында  «Қыздарға кеңес» тақырыбы бойынша   тәрбие ісінің орынбасары  отырыс өткізді.Отырыс барысында қыз балаға кеңес түрлеріне тоқталды. Ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу туралы айтылды. 7-сынып жетекшісі Каримова А.Ғ «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы туралы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.  Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз  баСонымен бірге, жұқпалы инфекциялардың түрлері, оларды жұқтырудың жолдары, салдары да тереңнен қозғалды. Қарапайым сөзбен айтқанда, бақытты да дені сау, әдемі болу үшін, тазалық гигиенасын сақтап, жыныстық қатынастан отбасын құрғанға дейін бас тартуға шақырды. Қатысушы жастар мазалаған сұрақтарына жазбаша, жасырын түрде жауап ала алды.

 

Тәрбие ісінің орынбасары:                Р.Б.Карабалина

Жаңартылған күні: 03.11.2020 17:11
Құрылған күні: 03.11.2020 17:11

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі
Текст