Текст
Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу- патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы тақырыбында мектеп кітапханашысы Алиева Ш.Т көрме ұйымдастырды.Көрмеге Мемлекеттік рәміздер туралы кітаптар мен газеттер қойылды.«Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы мен мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 2-4-сыныптарда танымдық сағаты өтті. Өткізген сынып жетекшісі Туганбаева С.К. 7-сынып оқушыларына арналған «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатына 6 оқушы қатысып, Ел рәміздері туралы жазылған өлеңдер оқыды. Ай сайын сынып жетекшілер өз сыныптарында рәміздерге арналған сынып сағаттарын өткізіп отырады.
Тәрбие ісінің орынбасары: Р.Б.Карабалина