"Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Басшы

Омаров Дауренбек Мажитұлы 1974 жылы 14 қыркүйекте Ақмола  облысы, Қорғалжын ауданы, Үшсарт ауылында дүниеге келген.

1991 жылы орта мектепті тәмәмдап, 1996 жылы Ақмола Мемлекеттік университетін  тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Үшсарт ауылының Үшсарт негізгі мектебіне  мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

Ұлты –қазақ, білімі –жоғары, санаты –бірінші, еңбек өтілі -23 жыл.

Дауренбек Мажитұлы өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұлағатты ұстаз. Оқушыларға өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін үйрете біледі. Оқытуды проблемалық тұрғыда қолға алып, материалды зерттеу негізінде оқушылардың шығармашылық, практикалық жұмыстарына көп назар аударады.  Олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсете біледі.

            Дауренбек Мажитұлы алдыңғы буын ағалардан алғаны, кейінгі іні-сіңілілерге айтары бар, өзінің арынды талап, адал еңбек, жігерлі еріктілігінің арқасында, баянды тіршілік кешіп, табанды тер төгіп жүрген ұлағатты ұстаз. Қандай іске де жауапкершілікпен қарап, биік талап қоя білетіндігінің арқасында егеменді еліміздің болашағы жастарды биік адамгершілік рухта тәрбиелеудегі ұстаздық, басшылық қызметінде де жоғары бедел мен ерекше абыройға бөленіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне мол үлес қосып жүрген азамат.

Дауренбек Мажитұлы бойындағы алға қойған мақсатқа жету жолындағы қажымас қайрат мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 2003 жылдан бері мектеп директорлығы міндетін де мінсіз атқарып келеді.

Жаңартылған күні: 17.02.2020 12:45
Құрылған күні: 17.02.2020 12:45

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі
Текст