«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сыңғырла, соңғы қоңырау!"

27.05.2022

    25-мамыр күні «Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» КММ  1-9-сынып оқушыларының қатысуымен  «Сәт сапар, жас түлек!» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға барлығы -30 оқушы қатысты.9-сыныпты -3 оқушы аяқтады.

1-сыныпты 3 оқушы аяқтады.

Даярлық тобын-2 бүлдіршін аяқтады.

Салтанатты жиынға  аудандық әкімшіліктен  Оралбеков  А.С  қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі.

Мектеп директоры Омаров Д.М  оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап,жазғы демалысты жақсы өткізіп,жаңа күш-жігермен оралып,жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

     Соңғы қоңырау мерекесіне арналған осынау айтулы іс-шарада білімімен оза шапқан, дарынымен дараланған оқу озаттары да назардан тыс қалған жоқ. 

Мектепті 1 оқу озаты мен 15 оқу екпіндісі мақтау қағазымен марапатталды.

Сонымен қатар,мектеп абыройын асырып,аудандық,облыстық байқаулардың жеңімпаздары  мектеп әкімшілігінің алғыс хатымен 17 оқушы  мен  ата-аналары мараптталды.

 Соңғы қоңырауды 9-сынып оқушысы оқу екпіндісі Серік Райымбек пен 1-сынып оқушысы Серикова Салтанат соқты.

     Тәрбие ісінің орынбасары:                        Р.Б.Карабалина

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст