Текст
19 мамыр күні Үшсарт ауылының негізгі орта мектебінің оқушылары аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Жас құтқарушылар" байқауына қатысты. Сайыс «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл» және «Балалар жылына» арналды.Сайысқа аудандық білім беру мекемелерінен 9 команда қатысты. Балалар өрт киімін кию, алғашқы медициналық көмек көрсету, шабуыл сатысымен көтерілу, шартты өртті сөндір полигонда түрлі сайыстарға қатысып үздік нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Мектебіміздің атынан қатысқан "Жас құтқарушылар " командасы сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға ие болып мақтау қағазымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Тәлімгер Туғанбаева С.Қ.