18-мамыр күні Қорғалжын аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Бақытты отбасы» байқауына Үшсарт ауылының жас отбасы Сәлімжан Картай қатысып, жүлделі 1- орынға ие болды. Картай отбасы мақтау қағазы мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Бүкіл халықты бір шаңырақтың астына жинап,тату, бірлікке бейбіт өмір сүріп келе жатқан Қазақстан – үлкен мемлекет.Мемлекеттің ішінде тағы бір мемлекет бар.Ол – жанұя, отбасы мемлекеті.Отбасы – әр адам үшін баға жепес байлық, саны жетпес құндылық, әр отбасы өзінше бір шағын ел.
Тәрбие ісінің орынбасары: Р.Б.Карабалина