15-мамыр Отбасы күніне орай, 1-4-сынып оқушылары арасында суреттер байқауы өтті.Оқушылар отбасы туралы сурет пен плакаттар шығарды.Жетекшісі:Бейсеитова Г.С жақсы салынған суреттерді марапаттады. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Осы шағын ғана мемлекетте ата-ананың орны қалай ерекше болса, сәбидің де алар орны маңызды. Бала үшін әкесі мен анасының мейірімінен асқан ештеңе жоқ. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген де нақыл сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бала артыңда қалар ұрпағың. Атыңның жалғасы. Елінің болағашы. Сондықтан отбасы күні қоғамда ерекше орын алады. Бұл күннің маңыздылығы зор.Сол себепті де ,біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
Тәрбие ісінің орынбасары: Р.Б.Карабалина