Текст
Мамыр айының 13-14 жұлдызы аралығында Қорғалжын ауданды білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Жігер» спратакиадасы өткізілді.Спартакиадаға 4-9 сынып оқушылары қатысып спорттың футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, дзюдо түрлерінен сайысқа түсті.Бұл дүбірлі додаға біздің мектеп оқушыларыда қатысып өз өнерлерін ортаға салды.Сайыс қортындысы бойынша 5-6 сынып оқушыларынан жасақталған футболдан құрама команда аудан мектептері арасында 3 орын алып, кубокпен және мақтау қағаздарымен марапатталды.