Сәуір айының 29 күні Қорғалжын аудан әкімінің орынбасарларының 2022 жылдың 22 сәуірдегі № 03-02/518нұсқауына сәйкес, Қорғалжын аудандық білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өзіне-өзі қол(суицид) жұмсаудың алдын-алу іс-шаралары,хиджап кию,жолда жүру ережелері мәселелері бойынша Қорғалжын аудандық ІІБ-нің ЖІІҚБ ҚІІЖ аға инспекторы полиция капитаны Сайлау Ә.А. Қорғалжын аудандық білім бөлімінің бас маманы Ашимова А.Т. «Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» КММ директоры Омаров Д.М тәрбие ісінің орынбасары Карабалина Р.Б қатысуымен «Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» КММ 1-9-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.Кездесу барысында жоғарғы тақырыптар бойынша баяндамалар оқылып,оқушылар арасында әңгіме өткізілді. Суицид дегеніміз не?, Суицидтің алдын алуға боладыма?, Суицид осы күні жастардың арасында кең таралғанба?, Суицид ұрпақтан-ұрпаққа беріледіме?, Суицидке баратын адамдардың есі дұрыс па?,бұл өзіне көңіл аудартудың тәсілі деп ойлайсызба? деген сұақтар қойып, дәлелді жауаптар алды.Сонымен қатар, мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен құқықтық оқыту, құқықтық ақпараттандыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөнінде мәліметтер айтылды.Оқушылар кездесу барысында көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды.
Қорыта келгенде, оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, жасөспірімдер арасында суицалды мінез-құлықтың алдын алу. Өмірге деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру бойынша көптеген мәліметтер айтылды.Оқушылар тарапынан ұйымдастырушыларға алғыс пен өз ризашылдықтарын білдірді.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы: Карабалина Р.Б.