«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Халықтар достығы – ел бірлігі»

29.04.2022

1-ші мамыр күніне арналған «Халықтар достығы – ел бірлігі» тақырыбы аясында даярлық тобы мен 1-сынып оқушыларының қатысуымен ашық сынып сағаты өтті. Мақсаты:Халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Сынып сағатына 5 оқушы қатысып,   1-мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігі тақырыбы бойынша мәнерлеп өлең оқып,ән салып,би биледі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» - деген ұлағатты ұғым бар.Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Міне,оқушыларға халықатр достығы ұғымын түсіндіре отырып,олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетімен таныстыру.

         

 

Просмотров: 186


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст