Текст
Бүгін, яғни 27- сәуірде 9-сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, мамандық таңдай білуде қателеспеуді үйрету. Тәрбие сағатында: Мамандықтың анықтамасымен, мамандық таңдаудың басты қағидалары таныстырылып, мамандығы гуманитарлық па, әлде техникалық па? бағытын анықтау. Психологиялық тренинг тесті алынды. «Әріптерден басталатын мамандық» жаттығуы болды. Мақсаты: әріптер беріледі, сол арқылы оқушылардың мамандықтардың түрлерін қаншалықты біледі. Әр оқушы болашақ мамандығы немесе болашақтағы армандарын жазып, оны «Алма ағашы» алмасына ілді.
Оқушыларға мамандықтар туралы мағлұматтар беріліп, қызығушылығы арттырылды.
Өткізген: Жумадильдин С.Ш.