Текст
2022 жылы жоғары оқу орындарына берілетін білім гранттарының саны рекордтық 73 мыңға дейін өседі. Президенттің қолдауының арқасында бюджет есебінен білім алу мүмкіндігіне ие болған қазақстандық мектеп түлектерінің саны көбейді. Биыл колледждерде де білім алу үшін берілетін білім гранттарының саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 31 000 грант бөлініп отыр. Біз қабылдау емтихандарын алып тастадық. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балалары үшін арнайы квоталар енгіздік. Гранттар колледждердің барлығына бірдей берілмейді. Грант ұтып алған талапкер оқу орнын өзі таңдайды. Қаржы студент таңдаған колледжге беріледі.Бұл бәсекелестікті арттырады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бүгінгі Үкімет отырысында сөйлеген сөзінен.