«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл- татулық тірегі»

25.09.2017

 Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай Үшсарт  негізгі мектебінде өткізілген онкүндіктің

 іс-шаралары туралы мәлімет.

 

Тіл–ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың

өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

 Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.

   Үшсарт негізгі мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты:  оқушыларға  өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың  ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін

арттыру. Қыркүйектің 6-і күні «Тіл- татулық тірегі» атты лездеме өтті. Лездемеде тіл туралы шағын баяндама оқылып, орыс тілі пәнінің мұғалімі Кусаинова З.А. онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті.  Мектеп кітапханашысы Алиева Ш.Т. «Рухани тәуелсіздіктің басты негізі-қазақ тілі» айдарымен кітап көрмесін ұйымдастыра отырып,  оқушыларға тілдің мәртебесі жайында мағлұматтар берді. «Тілім менің-тірегім» тақырыбында 1-9 сыныптар қабырға газеттерін шығарды.

Тәлімгер Биғара М.Е. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тақырыбымен 5-9 сыныптар оқушыларымен акция өткізді.

  Орыс тілі пәнінің мұғалімі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»  атты сайысты  5-9  сынып оқушылары арасында жоғары деңгейде  өткізді.  Сайыс  әр түрлі ұлт өкілдерінің амандасуымен басталды. Әрі қарай сайыс «Ең үздік аудармашы «Мақал-мәтелдер» , түрлі викториналық сұрақтармен жалғасын тапты.

«Мәңгілік елдің- мәңгілік кілті» тақырыбымен 5-9 сыныптар арасында шығармалар байқауы өткізілді. Онкүндік барысында мектеп оқушылары аудандық тілдер мерекесі аясында өткізілген «Сүйемін туған тілім-ана тілін!» атты байқауға қатысып, бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі:Карабалина Р.Б Сонымен қатар, әр ұлт өкілдерінің мәдениетін насихаттау мақсатында

ұйымдастырылған,Тілдер мерекесі аясындағы «Тіл-ұлттың жаны» атты аудандық фестивальде

белсене ат салысып,көрсеткен өнері үшін,жүлделі 3 орынға ие болды. Жетекшісі:Карабалина Р.Б Онкүндік « Тіл-достықтың алтын көпірі» айдарымен қорытындыланды. Іс-шараға белсене ат салысқан сыныптар, өз білімімен көзге түскен оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

Гуманитарлық ӘБ жетекшісі:                  Кусаинова З. А.

 

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст