«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бәйтерек» әкелер клубы

29.11.2017

«Бәйтерек» әкелер клубы

  Үшсарт негізгі мектебінде «Бәйтерек» әкелер клубы ашылды.Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, әке тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату басты назарға алынып отыр. «Бәйтерек» әкелер клубына мектеп бойынша барлық әкелер шақырылды.Әкелерге клубтың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.Әкелер клубының төрағасы  дауыс беру арқылы жүрді.Көп дауыс жинаған Жумагулов Әділхан төраға болып сайланды.Сонымен қатар мүшелері мен хатшы сайланып,жұмыс жоспары туралы айтылды. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Балаға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы екені әкелерге түсіндірілді.

 

                         Тәрбие ісінің орынбасары:         Р.Б.Карабалина

Просмотров: 1744


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст