Үшсарт негізгі мектебі бойынша «Нұрсұлтан-ел тірегі,ел намысы»
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиынның өткені туралы мәлімет.
2017-2018 оқу жылы
Үшсарт негізгі мектебінде 30 қараша күні «Елін сүйген Елбасы!» Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға 33 оқушы мен 11 мұғалім қатысты. Барлық оқушылар сапқа тұрып, жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталды. Барлық сыныптың топ басшылары салтанатты жиын барысында рапорт тапсырды. Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, бұл мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті.«Бүгін Қазақстан халқы ерекше мереке - Тұңғыш Президент күнін атап өтіп отыр.Бұл мерекенің ерекшелігі - Қазақстанның жаңа тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы, әлемде өзіндік орны бар, қарқынды дамып отырған еліміздің сыртқы - ішкі саясаттағы жетістіктері- Қазақстанның Тұңғыш Президентімен тікелей байланысты. Сондықтан да Ел мен Елбасы, Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент- егіз ұғым деп бағалануда.Елбасының еліміздің Тұңғыш Президенті ретінде атқарған, атқарып отырған тарихи еңбегін бүгінде халықаралық қауымдастық та мойындап, жоғары бағасын беріп отыр. Салтанаты жиын
соңынан оқушылар Елбасы туралы өлеңдер оқып, «Мәңгіілк Ел»әніні айтты.
Тәрбие ісінің орынбасары: Р.Б.Карабалина