"Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысының білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Фариза оқулары

21.02.2018

«Рухани

жаңғыру»бағдарламасын іске асыру мақсатында

өткен   «Фариза оқулары» аудандық байқауының

қорытынды есебі.

Қорғалжын

ауданы бойынша 5 ақпан күні  аудандық

«Фариза оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың

мақсаты мен міндеті:

-  ақын

шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық өзгешеліктерін көрсете  білу;

-  жас оқырманға

ақын поэзияларының мән-мағынасын тереңінен 

түсіндіріп, олардың поэзияға, өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;

- ақынның сөздеріне жазылған әндерін жандандырып,

дәріптеу;

- "Эстрадалық вокал"

- "Көркем сөз"

7 орта

мектеп және 4 негізгі мектеп қатысты.Барлығы: 11 мектеп қатысты.

«Фариза

оқулары» өз дәрежесінде өтті.Оқушылар ақынның өлеңдерін өз нақышына келтіріп

айтты.Сонымен қатар, «Эстрадалық вокал» жанры

бойынша ақынның сөзіне жазылған «Айша бибі», «Ақ  мамам», «Жақсы көру», «Жайықта» әндерін

оқушылар жанды дауыспен нақышына келтіріп,айта білді.

Байқау

қорытындысы бойынша 1-5-сынып оқушылары арасында «Көркем сөз» жанры бойынша

жүлделі орындарға төмендегі мектеп оқушылары ие болды.

І орынға

Үшсарт негізгі мектебінің 4-сынып оқушысы Балтабай Нұрдәулет

ІІ

орынға Ануарбек Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің 1-сынып оқушысы. ІІІ

орынға Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп пен 

Майшұқыр негізгі мектебінің 

5-сынып оқушысы Отыншиева Жансая ие болды.

6-11-сынып

оқушылары арасында «Көркем сөз» жанры бойынша жүлделі орындарға төмендегі

мектеп  оқушылары ие болды.

Жүлделі І орынға

Қорғалжын мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Мұратова Махаббат  ие болса,ІІ орынға А.Үсенов атындағы Сабынды

орта мектебінің 11-сынып оқушысы Умирзакова 

Альбина ие болды.

"Эстрадалық вокал" жанры бойынша жүлделі орындарға төмендегі мектеп

оқушылары ие болды.

Жүлделі І орынға  Арықты орта мектебінің  Сайлауова Маржан 8-сынып оқушысы ие болды.ІІ

орынға Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қабылов Жантөре

ие болды.ІІІ орынға Амангелді орта мектебінің 11-сынып оқушысы және Үшсарт

негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Каршагина Айханым алды.Қалған 17 оқушы  оқушы аранайы сертификатпен марапатталды.

Барлық  қатысқан оқушылар мен жетекші мұғалімдерге

білім бөлімі атынан алғыс білдірілді.

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі
Текст