«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету есебі

04.03.2022

2021 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 

1. Жалпы ережелер

1. Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің Үшсарт ауылының негізгі орта мектебі", Көбетей көшесі 28.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2021 жылы білім беру ұйымы 15 қызмет көрсетті;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – - 3;

электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны – ;

қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны-12.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында талап етілген мемлекеттік қызметтер:

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://sc0013.korgalzhyn.aqmoedu.kz / мектептің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.

3) 2021 жылы білім басқармасы және ведомствоға қарасты ұйымдар БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2 мақала жариялады, 1 дөңгелек үстел өткізді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ауданның барлық орта мектепке дейінгі, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz.....

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 4 қызметкер көрсетеді, 2021 жылы 4 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті

4. 2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

Мектеп директоры:                             Д.М.Омаров

 

Просмотров: 201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст