Текст
18 қараша күні Қорғалжын ауданы бойынша Амангелді орта мектебінде дойбы, шахмат, үстел теннисі бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқушылар арасында «Жастар» спартакиадасы өтті. «Жастар» спартакиадасына мектептің 8-9-сынып оқушылары қатысты. Жарыс қортындысы бойынша дойбыдан 8-сынып оқушысы Қансейітов Алинұр 4-орын алды.
Шахматтан 8-сынып оқушысы Серік Әлішер 2-орын алды. Балташ Айсана 4-орын алды. Жетекшісі: Биғара М.Е
«Үстел теннисі» қыздар арасынан 8-сынып оқушысы Қаршыға Зере 3 орын алды.Жетекшісі: Омаров Ғ.Қ. Мектеп оқушылары командалық есепте 3 орын алды.